Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды талқылау өтті

16 января 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының  қорғалуын күшейту  мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтыруларды талқылау өтті - 1304398319

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі жағдайларын талқылау өтті.
Заңды талқылағанға дейін баяндамашылар негізгі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп өтті.
Сонымен, қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған адам, кінәлі адамның жеке басы, айыбын мойындап келуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал еткені, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірген зиянды қалпына келтіруі ескеріле отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (ҚК-тің 65-бабы).
ҚК-тің 68-бабында бұрын жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін осы Кодекстің 71-бабының бірінші бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды;
99-бап мазмұны 3-бөлікпен «Жас баланы өлтіру» толықтырылған, Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу үшін жаза қатайтылған (ҚК-тің 105-бабы), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру (ҚК-тің 106-бабы), қинау (ҚК-тің 110-бабы), адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою (ҚК-тің 116-бабы), адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ)жұқтыру (ҚК-тің 118-бабы), сонымен бірге тұлғаға қарсы басқа да қылмыстар (ҚК-тің 120, 121, 122, 123, 127, 128, 129-баптары), отбасына және кәмелетке толмағандарға қатысты (ҚК-тің 132, 133, 134, 135, 143, 144-баптары), меншікке қарсы (ҚК-тің 188, 191, 192-баптары), экономикалық қызмет саласында (ҚК-тің 239, 249-баптары), қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚК-тің 287, 288-баптары), халық денсаулығына және имандылыққа қарсы (ҚК-тің 301,312-баптары), экологиялық ( ҚК-тің 335, 337, 339-баптары), көліктік (ҚК-тің 346-бабы), сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚК-тің 412, 414, 415, 416, 417, 419, 425 және 435- баптары);
Адамды ұрлау әрекеттері үшін (ҚК-тің 125-бабы) және өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отыра бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚК-тің 126-бабы), бұрмалаумен, жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып немесе жойып жасалған дәл сол іс-әрекет - белгілері енгізілген.
Зорлау-ауыр қылмыстар санатына ауыстырылған (ҚК-тің 120-бабы 1-бөлігі), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (ҚК-тің 121-бабы 1-бөлігі), тұрғын үйге, қызмет немесе өндіріс орнына, қоймаға немесе көлік құралына заңсыз басып кірумен ұрлық жасау, адам саудасы (ҚК-тің 128-бабы 1-бөлігі) яғни олар бойынша тараптарды бітімгершілікке келтіруге жол берілмейді.
ҚК-тің 120 және 121-баптары бойынша жеке біліктілік белгілеріне тұлғамен қызметтік міндеттерін орындағанда оларды жасау болып табылады (мысалы, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері, қоғамдық тәртіпті күзету бойынша қызметін атқарған әскери қызметкерлер, арнайы көлік, медициналық және басқа қызметтерді көрсету, басқалары).
ҚК-тің 297, 299 және 301-баптары бойынша оларды жасаудың жеке сараптау белгісі -«электрондық ресурстарды пайдалану арқылы», ал ҚК-тің 297-бабында сондай-ақ «қоғамдық орында» енгізілген.
Қылмыстық кодекске жауапкершілікті қарастыратын жаңа баптар, олардың бөлімдері енгізілген (өзгертілген):
-мал ұрлау (ҚК-тің 188-1 бабы);
-мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету немесе оларды қайтармау (ҚК-тің 203-бабы 1-1 бөлігімен толықтырылды);
-есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау (ҚК-тің 299-бабы 1-бөлігі);
-киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдаумен тең болады;
-алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу (ҚК-тің 345-1 бабы).
Сонымен бірге, осы бапта көрсетілген адамдарға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар жатпайды. Осындай әрекет үшін ҚК-тің 346-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады;
-жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қолсұғушылық (ҚК-тің 380-1 бабы), сондай-ақ аталған тұлғаларға қатысты күш қолдану (ҚК-тің 380-2 бабы);
-сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерін жария ету (ҚК-тің 423-бабы);
-кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты жасырып қалу (ҚК-тің 432-бабы) немесе хабарламау (ҚК-тің 434-бабы).

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының  қорғалуын күшейту  мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтыруларды талқылау өтті - 1633582850