Облыстың прокуратура органдарының 2019 жылдың 6 айына жұмыс қорытындысы туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

29 июля 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратура органдарының 2019 жылдың 6 айына жұмыс қорытындысы туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Есепті жартыжылдықта прокурорлардың жұмысы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қолдау мен өңірдегі заңдылық және құқықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған.
Қоғамдық мүддені қорғау саласында 388 123 тұлғаның заңды құқығы мен мүддесі, с.і. 3 947 азаматтың конституциялық құқығы қорғалды.
6163 жұмысшы алдында 510,8 млн.теңге сомасына 45 кәсіпорында жалақы бойынша қарыз өтелді.
Үйлестіру жолымен 95 мың халқы бар 57 елді мекеннің су астында қалуына жол берілмеді.
Қабылданған шаралармен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге бұдан алдыңғы қолданыстағы тариф төмендетілді облыс орталығы үшін абаттандырылған секторге 230-дан 220 теңгеге / абаттандырылмаған сектор үшін 250-ден 234 теңгеге / көмуге 1214-тен 1153 теңгеге) нәтижесінде 140 мың азаматтың құқығы қорғалды.
Барлығы нәтижесінде қадағалау жұмысымен 350 мыңнан астам абоненттің құқығы қорғалды.
Мемлекеттің материалдық мүдделері ерекше бақылануда. Бюджетке 987 млн.теңге (148 млн.теңге) шамасында қайтарылып, 1,4 млрд.теңге сомасына бересі төмендетілді.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында бөлінген мемлекеттік қаражаттың шығындалуын бақылаумен негізсіз жасалған келісімшарттар, мемлекеттік қорғаныс тапсырысына әкелінген және кіріске енгізілген жабдықтар бойынша айырмашылықтар, жалпы сомасы 3,4 млрд.теңге сомасына бюджеттік қаражатты аудару анықталған. Тиісті шаралар қолдану үшін БП-ға ақпарат жолданды.
Ұлттық қор ақпараты бойынша 2 кәсіпорынға 560 млн.теңге салық есептелген, мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап-арыздар берілген (талап-арыздарды қарау нәтижесі бойынша процестік шешім қабылдау туралы сұрақ шешілетін болады).
Қолданылмайтын жерлер бойынша жұмыс жалғастырылуда. Құны 450 млн.теңге тұратын жалпы көлемі 67 мың га асатын 58 учаске мемлекеттік меншікке қайтарылды. Ауыл шаруашылық айналымына құны 774 млн.теңге тұратын жалпы көлемі 31 мың га асатын 42 учаске тартылды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында зорлық әрекеттерімен байланысты құқықбұзушылықтар 14,3% (14-тен 12-ге) төмендеді. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізумен балалар суициді және ұятсыз роликтер бойынша анықталған 67 топтың 58-і бұғатталды ( 24 мыңнан аса жасөспірім тұрған).
Инклюзивті білімді тексерумен 50-ден аса мүгедек баланың құқығын бұзу анықталған. Инклюзивті білімді дамыту бойынша өңірлік бағдарламаны әзірлеумен 18 млн.теңгеге қосымша ақымен 3 мың мұғалімге төлем жүргізген.
Кәсіпкерлер құқығын қорғау шеңберінде тізімге заңсыз қосылған 103 бизнес субъектісі Мемлекеттік энергетикалық тізілімінен шығарылды.
Табиғатты қорғау саласында «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның мүмкіндігі белсенді пайдаланылуда. Нәтижесі бойынша жер қойнауын өндіру кезінде аумақтан тысқары шығудың 5 фактісі анықталған (қадағалау актісі енгізілді).
Қылмыстық қудалау бағыты бойынша 2018 жылы жалпы қылмыс санының 4,9 % (7 528-ден 7 157-ге) төмендеуі аясында кісі өлтірудің 29% (31-ден 40-қа), денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 21% (101-ден 122-ге), алаяқтықтың - 31% (322-ден 423-ке), бұзақылықтың - 61% (82-ден 132-ге) және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстардың 56% (15-тен 33-ке) өсуі байқалды.
Осыған байланысты қылмыстың алдын алу бойынша облыстың құқық қорғау және уәкілетті органдарының жұмысы үйлестірілді.
Полиция органдары және әкімдікпен алдын алу, соның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметке қосуға бағытталған бірлескен жоспарлар әзірленді.
Біздің бастама бойынша 2018 жылдан бастап облыс әкімдігімен полиция органдарында алдын алу есебінде тұрған жұмыссыз тұлғалар үшін (бұдан бұрын сотталғандар, әкімшілік қадағалауда тұрғандар, тұрақты мекенжайы жоқтар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар және т.б.) жұмыс орындарын олармен қарастыру бойынша жеке бизнес субъектілерімен Меморандум жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Шығарылатын патрульдік наряд санын көбейту, олардың патрульдеу бағытын өзгерту арқылы қылмыс жиі жасалатын қаланың 7 көңіл көтеретін орнында криминагенді жағдай жақсарды.
Нәтижесінде ағымдағы жылы қылмыс 4,2% (3746-дан 3589-ға) төмендеді. Көбінесе кісі өлтіру саны -28.6%, қарақшылық 40% (10-нан 6-ға), қорқытып алушылық 30% (10-нан 7-ге), бұзақылық 19,2% (73-тен 59-ға), алаяқтық 19,8% (293-тен 235-ке), зорлау 18,8% (16-дан 13-ке), соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 50% (4-тен 2-ге) төмендеді.
Қазіргі уақытта мал ұрлауды азайту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Прокуратураның бастамасы бойынша есірткі құралдарының (героин) заңсыз айналымымен айналысатын ұйымдасқан қылмыс тобы бөлектелді.
Қазіргі уақытта ұйымдастырушы мен қылмыс тобының қатысушылары сотқа берілді.
Зейнетке шығуға дейін 2 жыл бұрын зейнет алды жасында жұмыстан шығарылған арызданушының (К.Құсайынова) құқығы 2007 жылы оған қатысты шығарылған шаруашылық кітабына жалған мәліметтерді енгізу фактісі бойынша рақымшылыққа байланысты қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы жөнінде ҚСжАЕКБ мәліметі негізінде қорғалды .
Облыс прокуратурасына бірнеше рет арызданғаннан кейін ағымдағы жылы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы бұзылып, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін жолданды. 18.06.2019 ж. арызданушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру құрамның болмауына байланысты қысқартылды.
СДТБТ-не заңсыз тіркеу фактілері анықталған, Шал ақын ауданының полиция органымен жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі тіркелген. Тексеріс барысында жұмыстар барлық рұқсат құжаттары бар кәсіпорынмен жүзеге асырылғаны анықталды. Прокурор актісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қысқартылып, тергеушіге қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылды.
Консультативті кеңес отырысында мемлекеттік органдармен өтініштердің сапалы және уақтылы қаралу мәселесі талқыланды. Азаматтардың өтініштерін қарау мәселесі бойынша жүйелі бұзушылықтар анықталды. Қазіргі уақытта бізбен Бас прокуратура, облыс әкімдігі мен облыстың барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен азаматтардың өтініштерін қарау мәселесі бойынша кеңейтілген жұмыс кеңесін өткізу жоспарланған.
Қызылжар ауданында «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Заң керуені» атты кең ауқымды құқық түсіндіру акциясы жүргізілді, 439 шара өткізіліп, прокурорлардың жеке қабылдауында 275 азамат қабылданды, ауданның елді мекендеріндегі тұрғындармен 142 кездесу өткізілді.
АӘК көрсету, зейнеткерлер мен мүгедектерді тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар жедел шешілді. Жөндеу және жол салу, сумен жабдықтау объектілеріне қатысты сұрақтар бойынша оларды қаржыландыру жоспарына қосу үшін облыс әкімінің мекенжайына хат жолданды.
Екінші жартыжылдықта прокурорлар алдында маңызды міндеттер тұр.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыру және азаматтардың жағдайын жақсарту үшін облыс прокуратурасымен қадағалаудың негізгі бағыттары - кәсіпкерлік, табиғатты, жер және еңбек құқық қатынастарын қорғау салалары бойынша өңірлік бағдарламалар әзірленген.
Қылмыстық қудалау жұмысының негізгі екпіні құқық бұзушылықтың алдын алу, соның ішінде кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұқпаушылық, ұрлық, есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласы бойынша, с.і. Ғаламтор арқылы құқық қорғау және уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіруге бағытталатын болады.
Азаматтардың конституциялық құқығын, қылмыстық процесте кәсіпкерлердің құқығын қорғау.
Азаматтар өтініштерінің, қылмыстық істердің қаралу сапасын арттыру, қылмыспен келтірілген нұқсанның қайтарылуын қамтамасыз ету.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Комментарии

Добавить комментарий