СҚО прокуратурасы ведомствоаралық конкурс жариялайды

12 июля 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы» (Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 15, телефон 8 (7152) 46-14-87, электрондық мекенжай 7152380@prokuror.kz) C-ОGP-4 санатты бос лауазымға орналасуға өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында ведомствоаралық конкурс жариялайды:

- Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің және жариясыз тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау бойынша басқармасының бастығы.

Жоғары тұрған бос басшы лауазымына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мінсіз атақ, кәсіби, іскерлік және жеке сапалар болып табылады.
Ведомствоаралық конкурс жоғарыда көрсетілген лауазымға орналастыруға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы №90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау арқылы жүзеге асырылады (одан әрі Біліктілік талаптары).

Облыс прокуратурасының басқарма бастығы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

- функционалдық міндеттерін орындау үшін міндетті түрдегі білімінің, іскерлігінің және дағдысының бар болуы;
- жұмыс тәжәрибесі талаптардың біреуіне сай болуы тиіс:
1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;
3) немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Ведомствоаралық конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары

Ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін өтініш хабарландыру жарияланған сәттен 10 (он) жұмыс күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 3-қосымшасына сәйкес нысанда Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының кадр қызметіне беріледі (облыс прокуратураның кеңсесі арқылы, мекен жай - Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 15).
Өтінішке қоса беріледі:
- құқық қорғау органдарының кадр қызметі куәландырған қызмет туралы тізімі,
- жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама,
- осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ұсынымхаты.
Көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ көрсетілген мерзімі бұзылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін кері қайтарады.
Тиісті прокуратура органының кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді.
Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.
Кандидаттар туралы толық және объективті ақпарат алу үшін кандидаттар тізімдері тексеру үшін прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметіне жіберіледі, сондай-ақ қажет болған жағдайда, ақпарат кандидаттың жұмыс орны бойынша құқық қорғау органынан сұратылуы мүмкін.
Прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметі кандидаттарды зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты кадр қызметіне әңгімелесу жүргізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Кандидаттарға материалдар (қызмет туралы тізім, қызмет нәтижелері туралы анықтама, компьютерлік тестілеу нәтижелері, сондай-ақ олардың жеке басын сипаттайтын өзге де материалдар) әңгімелесу өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға жіберіледі.
Әңгімелесуді өткізу күні мен уақыты туралы, кандидат ол өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Кандидаттармен әңгімелесуді Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының комиссиясы жүргізеді.
Прокуратура органының кадр қызметі комиссия қабылдаған шешім туралы оны өткізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кандидаттарды хабардар етеді.

Ведомствоаралық конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі¬№118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Комментарии

Добавить комментарий