Тез.Жоғары.Күшті

21 июня 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Тез.Жоғары.Күшті - 1686824790

Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге орай Петропавл қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті.
Жарыстарға 13 команда, прокуратураның құрама командасы, жергілікті атқарушы, аумақтық органдар, полиция, ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік кірістер, ұлттық бюро, қылмыстық-атқару жүйелері және төтенше жағдайлар департаменттері қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының құрама командасы шағын футболдан чемпионат жеңімпазы атанды. Финалда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасын жеңіп шықты.
3 орынды Төтенше жағдайлар бойынша департамент командасы иемденді.
Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының командасы тоғыз-құмалақ пен шашкадан жарыстарға қатысып, 2 орынды иемденді.
Шараға қатысушылар спартакиаданың жақсы ұйымдастырылғандығын, спортпен шұғылданудың мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері арасында корпоративтік рухты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Тез.Жоғары.Күшті - 1296748579

Комментарии

Добавить комментарий