Бағбан Тайымбетов Солтүстік Қазақстан облысы прокуроры болып тағайындалды

21 мая 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының а.ж. 20 мамырдағы бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тайымбетов Бағбан тағайындалды.
Б.Тайымбетов 1963 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылы бастаған.
Басшылық лауазымдарда еңбек тәжірибесі мол. Қарағанды, Қызылорда облысы және Алматы қаласы прокурорларының орынбасары, сондай-ақ Жамбыл және Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 27 жылдан астам.
Заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Комментарии

Добавить комментарий