Инклюзивтік білім беруді тексеру қорытындылары

17 апреля 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасымен білім алуға мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарын сақтау сұрағы бойынша тексеріс жүргізілді.
Тексеріс қорытындысы бойынша сомасы 36,3 млн. теңгеге 50-ден астам заң бұзушылық анықталды, 34 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, 17 тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұзушылықтардың көбі-оқу ұйымдарының инклюзивтік білім беру стандарттарына толық көлемде сәйкес келмеуі, білім мекемелерін жабдықтармен тиісті қамтымау, педагогтерге қосымша ақыны төлемеу, педагогтермен инклюзивтік білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтпеу, білім мекемелерінде инклюзивтік білім беру жұмысын тиісті ұйымдастырмау және т.б.
Мысалы, 2018-2019 оқу жылдары «Білім туралы» Заңның 52 бабын бұза отыра қажеттіліктері ерекше балаларды оқытқандықтары үшін шамамен 3 мың педагогке базалық жалақыларына мөлшері 40 пайыз қосымша ақы төленбеген.
Тек прокуратура органдары араласқаннан кейін ғана 2802 педагогке жалпы сомасы 18,0 млн. теңге қосымша ақы төленді.
Одан басқа, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды, сонымен бірге инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша өңірлік бағдарлама дайындалуда.
Аталған сұрақ облыс прокуратурасының бақылауында.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Комментарии

Добавить комментарий