Қоғамдық Кеңес отырысында қаралған көкейтесті сұрақ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында 22.10.2014ж. «2012-2013 жылдардағы және 2014 жылдың 6 айында алаяқтыққа байланысты қылмыстық істерді қараудың сот-тергеу тәжірибесі, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық шаралардың тиімділігі» сұрағы бойынша облыс прокуратурасы жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету сұрақтары жөнінде Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті.
Мақсатты топтың талдауы бойынша алаяқтардың әрекеттері халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына бағытталатындығын көрсетті.
Алаяқтардың құрбандары көбіне әйелдер мен зейнеткерлер екендігі анықталды.
Алаяқтар азаматтардың құқықтық сауатсыздықтарын, сенгіштіктерін, алаңғасарлықтарын және жеңілтектіктерін пайдаланады, соған қарамастан, олар өздерін бөтен адамдардың алдап кетулеріне мүмкіндік береді.
Құқық қорғау органдарымен алаяқтықтың алдын-алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығына қарамастан, алаяқтық фактілері әлі де жалғасын табуда.
Кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкіндігінің жоқтығына байланысты және қылмыстық істі сапасыз тергеуге байланысты жасалған қылмыстар әрдайым ашыла бермейді.
Прокуратура органдарының құқықтық-насихат жұмысын жандандыру, прокуратура органдарының имиджін арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істеу мақсатында, Қоғамдық Кеңес отырысына жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері, оның ішінде, облыстық «МТРК» теледидарының тақырыптық бағдарламалар редакторы О.Д. Попова, республикалық «Литер» газетінің меншікті тілшісі З.С. Жұмалиева, республикалық «Юридическая газета» тілшісі И.В. Литвиненко енгізілген. БАҚ аталған өкілдері Қоғамдық Кеңестің әрбір отырысына белсене қатысуда. Сондай-ақ, облыс прокуратурасының 2-ші Басқармасының прокуроры Е. Оспановтың жергілікті телеарналарға («МТРК», «Қазақстан-Петропавл») алаяқтық бойынша интервьюі ұйымдастырылды және эфирге шығарылды.
Қоғамдық Кеңес жұмысына СҚО ішкі істер органдарының лауазымды тұлғалары қатысып, алаяқтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.
Сонымен бірге, Кеңес барысында жаңа Қылмыстық Кодекске алаяқтық, қаржы пирамидаларын құрғаны және басшылық жасағаны үшін арнайы норма енгізілгендігі, аталған қылмыс жасағаны үшін 12 жылға дейін қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылғандығы да атап өтілді.
Сондай-ақ, кеңес мүшесі-заңгер Г.Н. Ипатованың қоғамдық кеңес жұмысы, аталған сұрақты қараудың маңыздылығы, тұрғындарға сақтану шаралары туралы жергілікті арналарға сөз сөйлеуі ұйымдастырылды және эфирге 22.10.2014 жылы шығарылды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі