Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлайды !

07 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

4 тамыз күні түнгі уақытта «Блюз» дәмханасы маңында алынған дене жарақаттарынан Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды.

Аталған факт бойынша «Өлімге әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтiру» ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі  және «Бұзақылық» ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмысты жасауда сезікті ретінде облыс орталығының екі тұрғыны күдік тудырады.

7 тамыз күні облыс прокуроры Бағбан Таймбетов облыстың Полиция департаменті бастығының м.а. Д.А.Таевпен бірлесіп қайтыс болғанның жақындары және туғандарымен кездесу ұйымдастырып, көңiл айтты және істі тергеу барысына жәбірленушілер ретінде қатысу ұсынылды.

         Оқиғаның егжей-тегжейі мен жағдайларын, дұрыс құқықтық баға беру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын анықтау мақсатында облыс прокурорымен полиция органдарына бірқатар нақты нұсқаулар берілді.

         Істің қаралу барысы облыс прокуроры мен облыстың Полиция департаменті бастығының м.а. жеке бақылауында.

        

Әлеуметтік желілердегі арандату мүмкіндіктерін ескере отырып, азаматтарды оларға әрекет етпей, үрейге жол бермеуге, заңсыз және негізсіз пікірлерге қатысудан бас тартуға шақырамыз.

         Аталған оқиғаның куәгерлерін 102 және 36-65-17 телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз.

                 

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу