Мобильді қабылдау

21 ақпан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы ақпан айында Петропавл қалалық прокуратурасы Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасымен бірлесе отыра облыс орталығының колледждері студенттерін орындарға шығып қабылдауды ұйымдастырды.
Студенттер қызықтырған сұрақтарын қоюға және пайдалы құқықтық ақпарат алуға
мүмкіндік алды. Балалардың көбі әрі қарай жұмысқа орналасу және оқу, қалалық спорттық шараларды ұйымдастыру сұрақтарына қызығушылық танытты.
Құқық бұзушылықтың әр түрлері профилактикасы мақсатында құқықтық жауапкершілік түрлері және оларға тарту зардаптары бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу