СҚО аудандық әкімдігінің шенеуліктері қатаң жауапкершілікке тартылды

12 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Әдеп бойынша кеңеске Есіл ауданы әкімінің орынбасарын атқарған лауазымынан төмендету ұсынылды, сонымен бірге осы ауданның жер қатынастары бөлімінің бастығына кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасау ұсынылды.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұсыну заңдылығына жүргізілген талдау шеңберінде, а.ж. мамырда аудан әкімдігімен шамамен аумағы 3 мың га жерді 10 жыл мерзімге жалға ұсыну бойынша конкурс ұйымдастырылған.
Конкурстық комиссиямен заңнама шеңберінде аталған учаскеде бизнеспен айналасуға тілек білдірген 9 кәсіпкердің арыздары ашылған, бірақ та конкурс қорытындысы шығарылмай қалған.
Аудан прокуратурасы араласқаннан кейін ғана, конверттерді ашқаннан кейін 2 айдан соң, аудан әкімінің орынбасары мен жер қатынастары бөлімінің бастығымен ойдан шығарған негіздер бойынша конкурс өтпеді деп танылған.
Бүгінгі күні аудан әкімдігінің бөлім бастығы тәртіптік ретте жазаланған, аудан әкімі орынбасарының жауапкершілігі туралы сұрақ ол еңбекке жарамсыздық демалысынан шыққан кейін шешіледі.
Ауданның жергілікті атқарушы органымен конкурсты қайтадан жариялау және өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу