Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды

12 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында Мемлекет басшысының  Жолдауы талқыланды - 1272401453

11 қырқүйекте Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында облыстық мәслихаттың депутаттарының, атқарушы билік, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, білім, бизнес қоғамдастығының, саяси партиялардың, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік сала қызметкерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті.
Отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылады.
Талқылау басталмастан бұрын облыс прокуроры Б. Таймбетов Жолдаудың басты бағыттарына тоқтады және қадағалау қызметінің қорытындыларын атап өтті.
Одан әрі, депутаттар корпусы, білім, саяси партиялар, бизнес-қоғамдастығының өкілдері бағдарламалық құжатта қойылған мәселелерге, оларды шешуге бағытталған шараларға тоқтап өтті.
Шақырылғандар прокуратура органдарымен бизнесті қорғау саласындағы, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудағы жұмысына оң баға берді.
Отырысты қорытындылай келе облыс прокуроры Б. Таймбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі міндеттерді талқыладық, оларды жүзеге асырудың нақты жолдарын белгіледік.
Бізді Президент белгілеген міндеттерді жүзеге асыруда ауқымды және маңызды жұмыстар күтіп тұр.
Біз өзіміздің күш-жігерімізді, тәжірибемізді, зор адамгершілік әлеуеттілігімізді пайдалана отыра, осы міндеттерді табысты жүзеге асыруға барлық күшімізді салуға тиістіміз.
Сіздерге мықты денсаулық, жетістік тілеймін!

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында Мемлекет басшысының  Жолдауы талқыланды - 1726273283
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында Мемлекет басшысының  Жолдауы талқыланды - 1958765918

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу