Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Абдирова Айман Жаңбырбайқызы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.Ж. Абдирова Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында 1994 жылғы тамыздан бастап  жұмыс істейді.

Еңбек жолын Уәлиханов ауданы прокурорының  көмекшісі лауазымынан бастаған, артынан аудан прокурорының аға көмекшісі, аға прокуроры, орынбасары, облыс прокуратурасының  басқарма бастығы,  облыс прокурорының аға көмекшісі,  облыс прокуратурасының аппарата басшысы  лауазымдарын атқарған.

2015 жылдан осы  уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары лауазымында.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 25 жылдан асады.

Дәрежелік шені-аға әділет  кеңесшісі.

2017 жылы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, 2,3 дәрежелі  «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері»  төсбелгісімен марапатталған.