Облыс прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы бос лауазымға ішкі конкурс жариялайды:

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы» (Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 15, телефон 8 (7152) 46-14-87, электрондық мекенжай 7152380@prokuror.kz) C-ОGP-4 санатты бос лауазымға орналасуға прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды: - Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы. Жоғары тұрған бос басшы лауазымына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мінсіз атақ, кәсіби, іскерлік және жеке сапалар болып табылады. Жоғарыда көрсетілген лауазымға орналастыруға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы №90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау арқылы жүзеге асырылады (одан әрі Біліктілік талаптары). Облыс прокуратурасының басқарма бастығы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: - функционалдық міндеттерін орындау үшін міндетті түрдегі білімінің, іскерлігінің және дағдысының бар болуы; - жұмыс тәжәрибесі талаптардың біреуіне сай болуы тиіс: 1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы; 3) немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес; 4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы. Ішкі конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары Ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш хабарландыру жарияланған сәттен 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшасына сәйкес нысанда Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының кадр қызметіне беріледі («Қадағалау» АЖ арқылы және 7152380@prokuror.kz электрондық мекенжайға қайталау қажет). Өтінішке қоса беріледі: - жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама; - лауазымды тұлғаның кандидатқа қатысты Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда берген ұсынымхат (ұсынымхатқа Бас прокуратура қызметкерлері үшін Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары не олардың орынбасарлары, облыс прокуратураларының, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Бас прокуратураның ҚСжАЕАК және оның аумақтық органдарының қызметкерлері үшін - прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды). Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ көзделген мерзім бұзыла отырып ұсынылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурса қатысуға өтінішін кері қайтарады. Кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді. Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеудің оң нәтижесін алған кандидаттар әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесуді өткізу күні мен уақыты туралы, кандидат ол өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірілмей хабардар етіледі. Кандидаттармен әңгімелесуді Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының комиссиясы жүргізеді. Прокуратура органының кадр қызметі комиссия қабылдаған шешім туралы оны өткізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кандидаттарды хабардар етеді. Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі¬№118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.