Бос орын лауазымына конкурс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, 150008, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 15 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7152) 46-51-97, 46-41-87, 7152383@prokuror.kz, 7152121@prokuror.kz, «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бухгалтерлік есептілік бөлімінің жетекшісі

 (С-О-4 санаты, 1-бірлік)

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

126 357

170 599

 

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-4  санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіні бойынша.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

 

Функционалдық міндеттері:

Жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімнің  жұмысын ұйымдастырады; бөлім туралы ережені дайындайды; қарамағындағы қызметкерлердің орындау тәртібі мен ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауды бақылауды жүзеге асырады; басшылардың тапсырмаларын  белгіленген мерзімде сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды, басшылардың қарауына бөлім қызметкерлерін олардың біліктілігіне және жүктелген міндеттерге сәйкес таңдау және орналастыру туралы ұсыныстарды қарауға енгізеді; алдағы үшжылдық мерзімге арналған бюджеттік тапсырыстың есептерін және негізділігін дайындайды; міндеттерді қабылдауға берілген рұқсаттарға сәйкес қаржыны дұрыс және тиімді пайдалануды бақылауды және оларды мақсатты жұмсауды, сондай-ақ ақша қорлары мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; активтерді, материалдық қорларды, ақшаны, есепті және баланстың басқа баптарын түгендеуді уақытында жүргізуді ұйымдастырады,  көрсетілген деректердің нақтылығын тексереді; бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша кассалық және нақты шығыстарды тіркеуді жүргізеді; бухгалтерлік есептіліктің дұрыс жүргізілуіне бақылауды жүргізеді; бөлімнің қызметкерлерін кәсіби оқытуды ұйымдастырады. 

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:

Өтініш (уәкілетті орган белгілеген нысандағы);

Тиісті қызметкерлер құрамын басқару қызметі куәландырған қызметтік тізім.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

         Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

         Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап  3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде  (жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында) мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: (150008, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы, 15 көшесі, «Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы» ММ) немесе (7152383@prokuror.kz, 7152121@prokuror.kz) электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық  жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде.  Анықтамаларды  телефон 8(7152-46-14-87), факс 8(7152-46-14-87) арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

__________________________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны__________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.