Бос орын лауазымына конкурс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, 150008, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 15 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7152) 46-51-97, 46-41-87, 7152383@prokuror.kz, 7152121@prokuror.kz, «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Аппаратының жетекші маманы

(уақытша, негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалысы уақытына 2019 жылғы 1 қараша мен 2020 жылғы 5 наурыз аралығында, одан әрі бала күту демалысы уақытына)

 (С-О-6 санаты, 1-бірлік)

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-6

97 510

132 020

 

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-5  санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Білім» бейіндері бойынша немесе ортадан кейінгі білім: «Құқық» немесе «Білім» немесе «Сервис, экономика және басқару» (экономика(салалары бойынша) немесе менеджмент (салалары және қолдану аясы бойынша) немесе есеп және аудит (салалары бойынша) немесе қаржы (салалары бойынша) немесе маркетинг (салалары бойынша) немесе статистика немесе іс жүргізу және мұрағаттану (салалары және қолдану аясы  бойынша) бейіндері бойынша.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Функционалдық міндеттері:

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау және одан әрі мақсатына, қажеттілігіне қарай жолдау, тапсыру, тіркеу-бақылау карточкаларының, электрондық мәліметтер базасының белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру және толтыру. Іс қағаздарын жүргізу, ақпараттарды жинау, өңдеу және ұсыну үшін арналған компьютерлік техникаларды қолданумен байланысты түрлі операцияларды орындау.  Облыс прокуратурасының мұрағатымен жұмыс. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:

Өтініш (уәкілетті орган белгілеген нысандағы);

Тиісті қызметкерлер құрамын басқару қызметі куәландырған қызметтік тізім.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

         Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

         Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап  3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде  (жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында) мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: (150008, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы, 15 көшесі, «Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы» ММ) немесе (7152383@prokuror.kz, 7152121@prokuror.kz) электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық  жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде.  Анықтамаларды  телефон 8(7152-46-14-87), факс 8(7152-46-14-87) арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

__________________________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны__________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.