«Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Солтүстік-Қазақстан облысының прокуратурасы, 150008, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 15 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7152) 46-51-97, 46-41-87, 7152383@prokuror.kz, 7152121@prokuror.kz, «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бухгалтерлік есептілік бөлімінің бас маманы
(уақытша, негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалысы уақытына 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 3 ақпан аралығында, одан әрі бала күту демалысы уақытына)
(С-О-5 санаты, 1-бірлік)

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
С-О-5 108 306 146 177

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіні бойынша.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Функционалдық міндеттері:
Ақша қорларын сақтауды, кассалық операциялар жүргізуді қамтамасыз етеді, төлеуге есептерді рәсімдейді, төлемдерді төлеу бойынша тапсырыстар мен басқа да құжаттарды дайындайды, оларды қазынашылық органдарында тіркеуді қамтамасыз етеді; есеп айыру шоттарындағы қаржылардың қозғалысы және валюта қорларының қозғалысы бойынша операциялар есебін жүргізеді; іссапарлар және төлемнің басқа да түрлері бойынша есеп беретін тұлғалардың аванс есептерін өңдейді және тексеруді жүзеге асырады; мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінген бюджеттік төлемдер бойынша шығындар есебін жүргізеді және бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде басқа да шараларды жүзеге асырады; қаржыландыру жоспарын орындау туралы тоқсандық және жылдық есептерді құрастыруға қатысады; қызметкерлерге еңбек ақыны, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша және басқа да төлемдерді уақытында және дұрыс есептейді; еңбекақыны төлеу бойынша есеп айыруға байланысты аналитикалық есептерді жүргізеді, еңбек ақыны есептеу бойынша тұлғалардың дербес шоттарын рәсімдейді; статистика органдарына еңбек ақыны төлеу қоры және саны бойынша уақытында есепті құрастырады және тапсыруды жүзеге асырады; штаттағы және штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесін дайындайды, енгізілген өзгерістердің қаржылық қамтамасыз ету және тиімділігі туралы қорытынды береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:
1. Өтініш (уәкілетті орган белгілеген нысандағы);
2. Тиісті қызметкерлер құрамын басқару қызметі куәландырған қызметтік тізім.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында) мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: (150008, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы, 15 көшесі, «Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы» ММ) немесе (7152383@prokuror.kz, 7152121@prokuror.kz) электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(7152-46-14-87), факс 8(7152-46-14-87) арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені_________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс
телефоны__________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы