Жыл бойы Петропавлда ҚҚҚО-на 2 мың азамат келген

27 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жыл бойы Петропавлда ҚҚҚО-на 2 мың азамат келген

Прокуратура органдарына азаматтардың сенім деңгейін арттыру, халықтың білікті құқықтық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың 30 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен Құқық қорғау қызметі орталығы ашылды.
Жұмыс кезеңінде орталыққа 2 мың адам келген, оның ішінде жеке прокурорлармен 1,6 мың адам қабылданған.
122 өтініш берушіге құжатты құрастыруға көмек көрсетілді (талап-арыз, өтініш, қолдаухат).
Адвокаттар қызметін 196 тұлға, медиаторлар қызметін 21 тұлға, пробация қызметін 22 тұлға пайдаланған.
Орталық алаңында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлеріне мамандарды қатыстырумен 17 оқыту семинары мен психологиялық тренинг өткізілді.
Облыс прокурорымен 142 тұлға қабылданды.
Орталық жұмысы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халықтың мәселесін кешенді шешуге бағытталған.
Орталықта азаматтар өтініш бере алады, бұдан бұрын берілген өтініштің қарастырылу барысы туралы біле алады, облыс прокуратурасының басшысына жеке қабылдауға жазыла алады, прокурор, медиатор, адвокат, психолог және пробация қызметінің білікті заң көмегін ала алады.
Азаматтарды қабылдау электронды кезек жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу