Үйлестіру Кеңесінің отырысында «Электрондық қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру талқыланды

02 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Үйлестіру Кеңесінің отырысында  «Электрондық қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру талқыланды - 1445522627

Үйлестіру Кеңесінің отырысында «Электрондық қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру талқыланды
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында өткен Үйлестіру Кеңесінің отырысында Солтүстік Қазақстан облысында «Электрондық қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ сақталуы біраз материалдық шығынды талап ететін заттай дәлелдерді сотқа дейінгі тергеу барысында жүзеге асыру заңдылығы сұрақтары талқыға салынды.
Елбасымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылдарға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарымен қылмыстық сот өндірісін электрондық нысанға кезең-кезеңмен ауыстыру қарастырылған.
А.ж. 8 айында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық қудалау органдарымен 242 қылмыстық құқық бұзушылық электрондық форматта тергеу жүргізілген ( 210-ы қылмыстық теріс қылықтар мен аса ауыр емес қылмыстар бойынша, 32-і орташа ауыр және 1-і ауыр), бұл тергеу жүргізілген құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 4,7 пайызды құрайды (Республика бойынша 2,9 пайыз).
Сотқа 166 іс жіберілді, оның 153-і қаралды, 1 іс бойынша апелляциялық тәртіпте үкім қайтадан қаралды.
Үйлестіру Кеңесінің отырысында өкілетті мемлекеттік органдарға электрондық қылмыстық істерді жүргізу бойынша ақпараттық есеп құжаттарды енгізудің нақтылығы және уақтылығы үшін, техникалық құралдарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды сапалы жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылды.
Облыс прокуроры Б.Н. Асыловпен «Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімі» ақпараттық жүйесімен жұмыста ақпараттық қауіпсіздікті сақтау қажеттілігіне, сонымен бірге адвокатура өкілдерін және қылмыстық процеске қатысатын тұлғаларды жаңа цифрлық технологияларды жандандыруға тартуға назар аударылды.
Сонымен бірге, сақталуы біраз материалдық шығынды талап ететін заттай дәлелдердің сотқа дейінгі өндірісі барысында жүзеге асыруда туындайтын проблемалық сұрақтар, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.12.2014 жылғы №1291 «Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы» қаулысын қолдану практикасы талқыланды.
Үйлестіру Кеңесінің қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар дайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Үйлестіру Кеңесінің отырысында  «Электрондық қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру талқыланды - 1763404663
Үйлестіру Кеңесінің отырысында  «Электрондық қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру талқыланды - 1650801056

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу