Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті

24 қазан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы қазанның 22-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Басқармасының бастамасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде бірыңғай кәртішкелік есепті электрондық форматқа көшіру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы сұрақ қарастырылды. Кеңес жұмысына облыстық, сонымен қатар аудандық деңгейдегі қылмыстық қудалау органдарының өкілдері, БКБ арқылы аудан прокуратуралар қатысты. Мәжілісте құқық қорғау органдары жұмысында орын алған кемшіліктерге, соның ішінде ақпараттық есепке алу құжаттарының толық, анық және уақытында енгізілуіне, ақпараттық есепке алу құжаттарына түзету енгізу туралы түскен қолдаухаттар санының көбеюі, сонымен қатар, оларға қол қоюдан прокурорлармен бас тарту фактілеріне назар аударылды. Үйлестіру Кеңесі мүшелерімен осы салада жүйелі бұзушылықтар жіберген лауазымды тұлғалардан жауап алынды. Жалпы, мәжілісте шақырылғандармен белсенді және конструктивті диалог қалыптасты, оның нәтижесі бойынша барлық құқық қорғау органдарына ақпараттық есепке алу құжаттарын уақытында енгізу бойынша жұмысын ұйымдастыруды қайта қарастыру ұсынылды; осындай фактілерді аппараттық немесе жедел кеңестерде қарастырумен ақпараттық есепке алу құжаттарын автоматтандырғанда әуре сарсаң себептеріне тұрақты талдау жүргізіп отыру; қолдаухаттардың есептік кезеңнің соңғы күндерінде түсуі қалыптасқан практикасын түбімен жоюға; ақпараттық есепке алу құжаттарына прокурорлармен қол қоюдан бас тарту фактілерін болдырмау мақсатын қою; құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша Басқармасы мен қылмыстық қудалау органдары өкілдерінің қатысуымен жедел отырыстар тоқсан сайын жүргізіп отыру, ол отырыстарда құқықтық статистикалық ақпараттар және т.б толықтығы мен уақыттылығын қамтамасыз ету бойынша сұрақтарды қарау ұсынылды. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімі жобасын сәтті жүзеге асыру мақсатында СТБТ тіркеу мен енгізуді жүргізуге өкілетті қызметкерлерді компьютерлік техникамен, байланыс каналдарымен, сонымен қатар, «Kaztoken» электрондық сандық қол қоюмен техникалық жабдықтау бойынша барлық шараларды жасау қажеттілігіне ерекше көңіл аударылды. Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу