Тағайындау туралы

02 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Тағайындау туралы  - 492914251

Қожамқұлов Мұрат Төлегенұлы СҚО прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды

Бас Прокурордың а.ж. 27 қыркүйектегі бұйрығымен Қожамқұлов Мұрат Төлегенұлы Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орныбасары лауазымына тағайындалды.
1975 жылы Алматы қ. туған.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 22 жылдан асады, прокуратура органдарында 6 жылдан астам.
Аға әділет кеңесшісі.
1996 жылдан бастап 2013 жылдар аралығында МТК-де, ІІМ-де әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2013 жылы қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау бойынша Департамент Басқармасының аға прокуроры лауазымынан бастады.
Арнайы прокурорлар Департаментінде Бас Прокурордың көмекшісі және аға көмекшісі, мемлекеттік құпиялар туралы заңдарды қолдануды қадағалау бойынша Басқарманың бастығы қызметтерін атқарған.
2017 жылғы желтоқсаннан бастап Бас прокуратураның Стратегиялық даму Департаментін басқарған.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу