Сот үкімі шығарылды

30 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылы 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің сайтына Петропавл қаласында «City Mall» сауда орталығындағы мәдени-шынықтыру кешенінде терроризм актісі туралы хабар түскен.
Д. Тоқжановтың қылмыс әрекеттері салдарынан аталған хабар анықталғаннан кейін «City Mall» ғимаратына құтқару қызметтерінің, денсаулық сақтау және құқыққорғау органдарының қызметкерлері келген, «City Mall», «Корона» сауда орталығындағы және жақын маңайдағы адамдар шығарылған.
Біле тұра жалған терроризм актісі туралы хабар фактісі бойынша ҚК-тің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Аталған қылмыстың бір ерекшелігі жағымсыз жағдайларда жасалған, оған мұқият дайындалған, нақты көрген куәгерлер болмаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында және басты сот талқысында Д. Тоқжанов кінәсін толық мойындамаған.
Алайда мемлекеттік айыптаушылармен Д.Тоғжановқа қатысты тікелей айғақтардың жоқтығына қарамастан, ІТ-технологияларды пайдаланумен жанама айғақтарды бағалау негізінде дәлелдерді детальді талдау барысында тағылған айып дәлелденді.
Айыптаумен сотта Д.Тоғжановпен заманауи технологияларды пайдалана отыра жасалған механизм көрсетілді, түсіндіру аппараты ашылды, ұялы байланыс абоненттерінің қосылу детальдары, жедел-іздестіру шараларының қорытындылары зерттелді.
Петропавл қалалық сотының 2019 жылғы 5 желтоқсандағы үкімімен Д.Тоқжанов терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бостандығын шектеуге сотталған.
Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу