Солтүстікқазақстандық прокурорлар қиын жасөспірімдердің психикалары бойынша білімдерін жетілдіруде

31 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Солтүстікқазақстандық прокурорлар қиын жасөспірімдердің психикалары бойынша білімдерін жетілдіруде - 1101781963

Прокурорлар қиын жасөспірімдердің психологиясы бойынша білім жетілдірді

Облыс прокуратурасы СҚО психикалық денсаулық Орталығымен бірлесіп «Кәмелетке толмағандармен жұмыс ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.
Шара мақсаты – кәмелетке толмағандардың, соның ішінде қиын жасөспірімдердің психологиясына қатысты прокурорлардың білімдерін жетілдіру, жеткіншектер арқылы алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізу үшін арнайы қосымша білім беру.
Психикалық денсаулық Орталығының психологы кәмелетке толмағандарға мінездеме берді, балалар мен жасөспірімдердің есеюі кезіндегі барлық сатыларындағы мінез-құлықтарының ерекшеліктеріне тоқталды және қиын жасөспірімдермен жұмыс түрлері туралы айтып берді.
Семинар прокуратура мен психикалық денсаулық Орталығы арасындағы өзара тығыз қатынасының негізін қалады. Облыс прокурорлары жасөспірімдерге қатысты нақты проблемалық жағдай туындаған кезде орталық психологтарымен бірге жұмыс істеу туралы келісімге қол жеткізді.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу