Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жасөспірімдердің мінез-құлқына жағымсыз әсер ететін әлеуметтік желілердегі топтарды бұғаттады

02 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жасөспірімдердің мінез-құлқына жағымсыз әсер ететін әлеуметтік желілердегі топтарды бұғаттады - 708732595

Облыс прокуратурасының әлеуметтік желілердегі мониторингімен порнографиялық және нәпсіқұмарлық-эротикалық сипаттағы бейнелерден тұратын 20 топ анықталды.
Осы желіде жасөспірімдердің өзіне-өзі қол сұғушылықты тікелей немесе жанама насихаттайтын 27 әлеуметтік топ анықталды. Аталған топтарда 20 мыңнан жоғары жасөспірім жазылушы есебінде тұрған. Облыс прокуратурасының хабарламасын қарау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен әлеуметтік желілердегі 40 топ бұғатталды. Қалған топтарға қол жетімділікті шектеу бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу