Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлайды !

01 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органы қызметіне түскісі келетін тұлғалар міндетті түрде бастапқы кәсіби даярлықтан өтулері тиіс.
Жаңа еңгізілімдер құқыққорғау қызметіне қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдарға қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 мамырдағы жарлығымен Бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары академиясына аталған кәсіптік даярлықты өткізу жөніндегі функциялар жүктелген.
Прокуратура органына қызметке кіру үшін оқу мерзімі 1 жылды құрайды.
Жоғары заңгерлік білімі бар, 35 жастан аспаған үміткерлер қабылданатын болады.
Барлық түскендер мемлекет есебінен стипендиямен, тамақпен және тұратын орынмен қамтамасыз етіледі.
Оқуға түсу үшін алдын ала Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегі тестілеуден (құқық қорғау қызметіне кіру үшін), әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ Академияда іріктеуден өту қажет.
Бастапқы кәсіптік даярлыққа түсу, Академияға іріктеу тәртібі мен мерзімдері туралы толық ақпарат Құқық қорғау органдарының және Академияның ведомстволық сайттарында қосымша жарияланатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы
Аппаратының кадрлық дамыту тобы