Солтүстік Қазақстан облысында жылу мен электр тарифтері төмендеді

09 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасымен қоғамдық маңызы бар нарық пен монополия субъектілерінің қызметінде халық үшін жылу мен электрэнергияға тарифтік сметаларда шығынды көтеру мен кәсіпорындар үшін электр энергиясы бойынша тарифті дұрыс қолданбау деректері анықталды.
Оның ішінде, «Севказэнергосбыт» ЖШС-мен жеке кәсіпкерлерге пайдаланылған электр энергиясы үшін көтерілген баға бойынша есепшот квитанцияларын беру дерегі анықталды.
Ықпал шаралары арқасында тарифті 19,41 теңгеден 15,51 теңгеге дейін төмендетумен кәсіпкерлерге 40 млн.теңге қайтарылды.
Осындай ұқсас жағдайда «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-мен «Солтүстік Қазақстан Электр желілерін Таратушы Компаниясы» АҚ тарифтік сметаларында шығындарды көтеру дерегі анықталды.
Тексеріс қорытындысы бойынша аталған энергия беруші ұйымдармен жылу және электр энергиясына тарифтер түзетілді, енді аталған тарифтер ағымдағы жылғы қарашаның 1-нен бастап 2020 жылдың аяғына дейін жарамды болып есептеледі (жылу 2019 жылғы қазанның 31-не дейін, электр энергиясы 2020 жылғы 31-ші желтоқсанға дейін).
Осыған орай «Севказэнергосбыт» ЖШС-мен 2018 жылғы 1 қарашадан бастап жылу энергиясының қамтамасыз ету құны 1 Гкал 23 теңгеге және электр энергиясы кВч үшін 0,12 теңгеге төмендетілді.
«Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-мен «Солтүстік Қазақстан Электр желілерін Таратушы Компаниясы» АҚ табиғи монополия саласындағы бұзушылықтары үшін 2,6 млн.теңге сомасында айыппұл төлеумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу