Солтүстік Қазақстан облысында балалар арасындағы суицид профилактикасы бойынша семинар-тренинг өткізілді

03 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыстың білім Басқармасымен бірлесе отыра жасөспірімдер арасында суицид профилактикасы сұрақтары бойынша семинар-тренинг өткізді.
Аталған шараның мақсаты-жасөспірімдер арасындағы суицид деңгейін азайту және аутодеструктивті әрекеттерін ескерту тәсілдерін дайындау. Аталған шараға 100-ден астам әдіскер-психологтар, мектеп психологтары, жалпы білім беретін мекемелердің әлеуметтік қызметкерлері қатысты.
Семинар-тренингті өткізу барысында білім басқармасының, психикалық денсаулық Орталығы, «BILIM FOUNDATION» Қоғамдық қорының мамандары жергілікті және халықаралық тәжірибені ескере отыра жұмыстың тәсілдері мен түрлері туралы ақпаратпен қатысушылармен бөлісті.
Семинарда тұлғаның ерекшеліктерін, эмоционалдық көңіл-күйін, қобалжу деңгейін, суицидалдық тәуекелді, тұлға арасындағы өзара әрекеттесу ерекшеліктерін және бейімдеуді анықтау үшін тренинг ұйымдастырылды. Одан басқа, барлық қатысушыларға қиын жағдайға душар болған балалар үшін құрылған республикалық бірыңғай телефон желісі-111 туралы жеткізілді. Шара аяқталған соң барлық қатысушыларға жұмыста пайдалану үшін жаңартылған әдістемелер табыс етілді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу