Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында жас қызметкерлер слеті өтті

31 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында   жас қызметкерлер слеті өтті - 1003989204

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында құқық қорғау органдары Академиясымен жас қызметкерлер слеті өтті.
Іс-шараның мақсаты жас қызметкерлерге табысты бейімделуге ықпал ететін, кәсіби біліктері мен дағдыларын меңгеруге жеке көмек көрсету болып табылады.
Жас қызметкерлерді дұрыс таңдау, дұрыс ұйымдастырылған жұмыс, жүйелі көмек пен оларға тұрақты көңіл бөлу прокуратура органдарын теориялық сауатты және тәжірибелік жағынан дайын кадрлармен нығайтуда маңызы зор болып табылады.
Жас қызметкерлерге жеке тәжірибелік және іскерлік көмек көрсету мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды, онда прокуратура органдарының алдында тұрған міндеттер және оларды табысты шешу шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар, Абылай хан резиденциясына шығу ұйымдастырылды, жас мамандар қазақ хандығының заңдары мен салттарымен танысты.
Жыл басынан облыс прокуратурасына 11 жас маман қабылданды.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында   жас қызметкерлер слеті өтті - 1080823008

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу