СҚО прокуратурасының Үйлестіру кеңесінде сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселесі қаралды

29 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

СҚО прокуратурасының Үйлестіру кеңесінде сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселесі қаралды

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар мен әкімшілік қадағалауда тұрған тұлғалардың тәртібіне бақылауды жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелері, сонымен қатар әлеуметтік-құқықтық көмек алуда жәрдем көрсету бойынша Жергілікті полиция қызметі мен пробация қызметінің өзара әрекеті Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды.
2017 жылдың басынан облыстың пенитенциарлық мекемелерінен 777 адам, оның ішінде мерзімінің аяқталуына байланысты – 216, шартты түрде мерзімінен бұрын – 310, жазаны ауыстыруға байланысты – 114, рақымшылық бойынша – 104, басқа негіздер бойынша – 3 тұлға босатылды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселесі бойынша қолданылып жатқан шараларға қарамастан, аталған жұмыста әлі де көптеген кемшіліктер бар.
Полиция, пробация органдары және басқа уәкілетті ведомстволардың өзара тиімсіз әрекеттері негізгі себеп болып табылады.
ШМБ босатылған тұлғаларды есепке қою кезінде формализм; бақылау істерінде бақылау қағаздарының болмауы, уақытылы шектеудің қойылмауы, о.і. тұрғылықты жері мен елден тыс жерлерге шығуға тыйым салу, аумақтық ІІБ-не және т.б. ауданнан тыс жерлерге шығу туралы ІІБ-нің жазбаша хаттарының жоқтығы, көбінесе, таралған бұзушылықтарға жатады.
Мысалы, Айыртау ауданы ІІБ-нің есепте тұрғандарының бірі 2017 жылы Петропавл қ. мен Астана қ. аумағында екі рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, алайда аталған күндері тұрғылықты орнынан тыс жерлерге шығуға рұқсат беру туралы іс материалдарында мәлімет жоқ.
Осындай мысалдар жалғыз емес.
2017 жылдан 2018 жыл аралығында шартты түрде мерзімінен бұрын босаған тұлғалармен 45 қайталама қылмыс жасалғанын ескерту қажет.
Қылмыстар алкогольдік мас күйінде жұмысқа орналаспаған тұлғалармен жасалады.
Жағдайды түзеу бойынша шараларды талқылап, аталған санаттағы тұлғаларға тиісті бақылауды қамтамасыз ету мен оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелерінде өзара әрекет етуді күшейтумен, ай сайын салыстыру жүргізіп, қадағалаушы прокурорларға бағыттау ұсынылды.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша нақты ұсынымдар қатары әзірленді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу