СҚО полицейлері дәлелдерді бұрмалағандықтары үшін сотталды

29 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен қадағалау қызметі шеңберінде полиция қызметкерлерімен қылмыстық істер бойынша ведомстволық көрсеткіштерді арттыру мақсатында дәлелдерді бұрмалаудың көптеген жағдайларын анықтады.
Жыл басынан бері осындай 24 факті бойынша полицияның 11 қызметкеріне (9 жедел, 2 тергеуші) (ҚК 416б.) қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
4 істің 17 эпизоды бойынша 4 полицейге қатысты айыптау үкімі шығарылды.
Мысалы, а.ж. тамызда қайтыс болған тұлғалар мен сотталғандардың сауалнама деректерін пайдаланып, қылмыстық істер бойынша процессуалдық актіні құрастырған полицияның үш қызметкері әртүрлі жазаларға сотталды.
Сот актілері заңды күшіне енді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу