Прокурорлар «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» кезекті акциясын М. Жұмабаев ауданында өткізді

30 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» кезекті акциясын М. Жұмабаев ауданында өткізді - 2023542643

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорларымен а.ж. 27 қыркүйекте М. Жұмабаев ауданында кезекті де ауқымды «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» акциясы өтті. Шара Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясы филиалының және Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен ұйымдастырылды.
Акция жұмысына 100-ден астам прокурор тартылды, олар азаматтарды жеке қабылдау жүргізді, елді мекен тұрғындарымен кездесті, жедел құқықтық көмек көрсетті.
Шарамен Мағжан Жұмабаев ауданының 18 селолық округі елді мекендерімен қамтылды. Аудан орталығында азаматтарды жеке қабылдау Мәдениет үйінде, «Семейный», «Оптовик» сауда үйлерінде, Булаево қ. поликлиникасында жүргізілді.
Акция барысында тұрғындардың сумен қамту, жол құрылысы, әлеуметтік төлем, медициналық қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен қамту, көші-қоны заңнамасы, байланыстың жоқтығы және т.б. проблемалық сұрақтар анықталды.
Сонымен бірге, ауданның бизнес қоғамдастығының өкілдерінің қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы прокуроры жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Кеңестің отырысы өтті. Кеңесте сұйық қалдықтар полигонының жоқтығы, жобалық-сметалық құжаттарды дайындағанда шығынды негізсіз көтеру және ірі қара мал тасымалдау туралы проблемалық сұрақтар талқыланды.
Тұрғындардың барлық сұрақтары бақылауға алынды.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Прокурорлар «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» кезекті акциясын М. Жұмабаев ауданында өткізді - 1638761493
Прокурорлар «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» кезекті акциясын М. Жұмабаев ауданында өткізді - 1936671259
Прокурорлар «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» кезекті акциясын М. Жұмабаев ауданында өткізді - 1573285102
Прокурорлар «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» кезекті акциясын М. Жұмабаев ауданында өткізді - 599101547

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу