Прокурорлар кезекті «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» Акциясын өткізді

03 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар кезекті «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» Акциясын өткізді - 1517069053

Прокурорлар кезекті
«Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» Акциясын өткізді

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорларымен Конституция күні қарсаңында а.ж. 29 тамызда кезекті ауқымды «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» акциясы өтті. Акцияны өткізуге және ұйымдастыруға Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының филиалы және «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасы атсалысты.
Акция жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы органдарының барлық жеке құрамы тартылды.
100-ден аса прокурорлар қаланың ірі сауда үйлерінде және базарларда азаматтарды қабылдау жүргізді, еңбек ұжымдарымен кездесті, алимент төлемейтін тұлғаларды, пробациялық бақылауда тұрған тұлғалармен кездесті және басқа да құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Барлығы 143 құқықтық түсіндіру сипаттағы шара өткізілді, оның ішінде-әлеуметтік сала бойынша-98, жазаны орындау-26, атқарушылық өндіріс-18, сотқа дейінгі саты-9.
Қабылдауда 163 азамат болды, оның ішінде әлеуметтік сұрақтар бойынша-86, азаматтық-5, атқарушылық өндіріс-6, сотқа дейінгі сатыда-6.
Тұрғындармен 21 кездесу өткізілді, әлеуметтік сұрақтар бойынша-7, жазаны орындау-2, атқарушылық өндіріс-12.
102 проблемалық сұрақ анықталды, оның ішінде бағыттар бойынша:
-әлеуметтік-экономикалық бағытта-72,
-азаматтық істер бойынша сот актілері-2,
-атқарушылық өндіріс бойынша-2.
Сонымен бірге, келесі салалар бойынша да сұрақтар қарастырылды:
-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (жол, су және т.б.)-21,
-әлеуметтік қамту-45,
-еңбек қатынастары-12,
-денсаулық сақтау-5,
-салық төлеу-4,
-сәулет және қала құрылысы-2,
-жер қатынастары-10.
Сонымен бірге Акция шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы прокуроры жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша кеңестің отырысы Петропавл қаласы бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті. Кеңесте Солтүстік Қазақстан облысының сауда объектілерінде кәсіпкерлермен POS-терминалдарды орнату сұрақтары талқыланды.
Кәсіпкерлер мен банк өкілдерінің ұсыныстарын зерделеу бойынша жұмыс тобы құрылды, мүдделі органдармен детальды зерделеу және өңдегеннен кейін Бас прокуратураға бастамашық жасалады.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Прокурорлар кезекті «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» Акциясын өткізді - 130843456
Прокурорлар кезекті «Заң керуені» «Мәңгілік ел - «Караван Закона» Акциясын өткізді - 1305085274

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу