Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

30 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының сотында Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасы бойынша ағымдағы жылы тамызда аса қатігездікпен 2 адамды, оның ішінде 3 жасар баланы өлтірген Дементьевке қатысты сот үкімі қайтадан қаралды.
Осы қылмыстар үшін бірінші сатыдағы сот оны 21 жылға бас бостандығынан айыруға соттаған.
Облыс прокуратурасы тағайындалған жазаны бұлтартпау қағидасына сәйкес емес деп есептеп, осы бөлігінде сот актісін дауласты.
Апелляциялық саты, істің мән-жайын және Дементьевтің жеке басын толық зерделеп, прокуратураның келтірген дәлелдерімен келісіп, оған өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындады.
Сонымен, облыстық сот өзінің шешімімен мемлекеттік айыптаудың сапалы қолданғандығы және облыста адал жаза тағайындалғандығы туралы дәлелдеді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу