Облыс прокуратурасында бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысы шығарылды

06 тамыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында алқа мәжілісі өтті, онда 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы шығарылды.
Прокурорлар алты айда облыстың 12 мың тұрғынының құқығын қорғаған.
Еңбек қатынастары саласында ықпал шаралары арқылы 500 жұмысшыға сомасы 47 млн. теңге борыш өтелген, оның ішінде 2 банкрот-кәсіпорында «Мясокомбинат Советский» ЖШС-і және «Ақжар-целина» ЖШС-і.
22 млн. теңге болатын жалған еңбекақыны өндіріп алу туралы сот актісін бұзу шаралары қабылданды.
Мысалы, «Унгефуг» ЖК Даму Қоры алдындағы міндеттерін орындауды жалтару мақсатында өзінің баласымен жалған еңбек шартын жасаған, соңғы сот тәртібінде жұмыс берушіден 12 млн. теңге еңбекақысын өндіріп алған, ал сот актілерін сот орындаушыға өндіріп алу үшін ұсынған.
Мемлекет пайдасына шамамен 150 млн. теңге қайтарылды, 9 млн. теңгеге мемлекеттің шығынының алды алынды.
2,5 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтарды арнайы құралдармен қамтамасыз ету шаралары қабылданды және негізсіз төленген 15 млн. теңге салық қайтарылды.
26 қадағалау актісі енгізілді, қала және аудандардың қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 29 тұлғасы жазаланды.
Прокуратура араласқаннан кейін адал емес салық төлеушілермен 12 млн. теңге олармен тауарлар мен ауылшаруашылы дақылдарын Кеден одағына мүше-мемлекеттер аумағынан импорттағанда төленбеген салықтар төленді.
Алдында сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін тартылған, бірақ та мемлекеттік қызметте жұмыстарын жалғастырған 6 мемлекеттік қызметшіні атқарған лауазымдарынан босатуға қол жеткізілді.
Ұлттық қор қаражаты бойынша сомасы 82 млн. теңге несиені мақсатсыз пайдалану анықталды, тергеу сатысында шығын орнына келтірілді.
Пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда, осы уақытта сомасы 3 млрд. астам теңге болатын анықталған 257 жер учаскесі мемлекетке қайтарылу сатысында.
Прокурорлар «Атамекен» палатасымен бірлесе отыра жеке кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалар тізімін құрастырды. Оның шеңберінде 900 жеке кәсіпкер үшін электроэнергияны төлеу бойынша тариф төмендетілді, қайтарымға 40 млн. теңге есептелінді.
Балалар арасындағы өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша бағдарлама қолданысқа енгізілді, прокурорлар профилактика субъектілерімен бірлесе отыра тәуекел тобындағы жасөспірімдерді анықтау бойынша оқудан өтті. Мектеп мекемелерінде психологиялық денсаулық саласында жасөспірімдердің сауаттылығын арттыру үшін тренингтер өткізілді.
Өңірдегі тұрмыс қалдықтарының проблемасы зерделенді. 472 қоқыс орнының 97-і пайызы апаттық жағдайда екендігі анықталды. Облыс әкімдігіне ұсыныс енгізілді. Проблеманы шешу бақылауға алынды.
Цифровизациялау шеңберінде облыста қылмыстық тергеудің электрондық үлгісі қолданысқа енгізілді. Жыл басынан бері электрондық үлгіде 250 іс аяқталды.
Прокурорлармен есірткілерді өндіру және сату бойынша 35-тен астам жалған іс анықталды. Арнайы прокурормен ЕКБ қызметкеріне қатысты 13 қылмыстық іс тергелуде, ол дәлелдерді анықтағанда өлген және ойдан шығарылған тұлғалардың сауалнама деректерін, бір жағдайда велосипедші Винокуровтың деректерін пайдаланған.
Қадағалау актісі бойынша облыстың ЕКБ басшылығы және жеке құрам қызметтен босатылған.
Облыс прокуратурасының және ұлттық қауіпсіз органдарының бірлескен үйлестіруі арқасында синтетикалық есірткілерді-экстази 15 мың таблетка, 400 кг. «марихуана» және «гашиш» жеткізу каналының алды алынды.
Аталған факті бойынша екі ағайынды Гаруновтар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алдында прокурорлармен жүзеге асырылған арнайы шаралар бойынша айыптау үкімін шығарумен, Ресейге мигранттарды шығарумен айналысқан ҰҚТ 8 мүшесіне қатысты қылмыстық іс аяқталды )Джумабаев, Каликенов, Исаев, Аманжолов, Жинмурзин, Ербуланов, Молдыбаев, Изатов).
Прокуратураның Құқыққорғау қызметтері орталығымен 1,3 мың азаматқа көмек көрсетілді.
Алқа қорытындысы бойынша азаматтардың сенімін арттыруға және өңірдегі заңдылықты нығайтуға бағытталған алдағы кезеңге басымды міндеттер анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу