Облыс прокуратурасында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай оқулары» атты байқау ұйымдастырылды

17 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Облыс прокуратурасында  Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл  толуына орай  «Абай оқулары»  атты байқау ұйымдастырылды - 1878356802

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай оқулары» атты байқау ұйымдастырылды.

Шараға облыс прокуратурасының, аудан, қала, мамандандырылған прокуратуралардың 8 қызметкері қатысты.
Байқауға қатысушылар Абай өлеңдерін оқып, әндерін орындап, бақтарын сынады.
Әділ алқа мүшелері қатысушылардың Абай өлеңдерін нақышына келтіріп оқуларын, ырғағына келтіріп шырқаған әндерін және байқау талаптарын сақтауларын бағалағанда ескерді.
Байқауға өзге ұлт өкілдері де қатысты.
Игі шара барысында қатысушылар Абайдың Александр Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасынан қазақшаға аударған «Татьянаның хаты» (Ә.Есқожина), сонымен бірге халық өлеңі болып кеткен, көптен бері айтылмай жүрген С. Сейфуллиннің «Тау ішінде» өлеңін (М. Болат) нақышына келтіріп орындап берді.
Қазылар алқасының шешімімен 1-орын М. Жұмабаев ауданы прокуратурасының прокуроры Дүйсенова Гүлнария Бақытқызына бұйырса, 2-орынды Шал ақын және Тимирязев ауданы прокуратураларының іс жүргізу бойынша инспекторлары Смирнова Елена Игорьевна және Есқожина Әсия Жарқынбекқызы бөліссе, ал 3-орынды Есіл ауданы прокуратурасының прокуроры Болат Манас Маратұлы және Мамлют ауданы прокуратурасының жетекші маманы Сәрсекеева Жанар Балсейітқызы иемденді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу