Мобильдік топтың жұмысы

13 ақпан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мамлют ауданы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жедел топтың телефонына «Северная топливная компания» ЖШС-нің директоры А.Ж. Кочеровтан жергілікті атқарушы қызметкерлердің іс-әрекетіне өтініш түсті.
Өтінішті тексеру барысында лауазымды тұлғалардың қолданыстағы заңнаманы бұзғаны анықталды, яғни мемлекеттік мекемелер үшін ақша енгізу және шығындармен байланысты операцияларды есепке алу үшін көзделген қолма-қол ақшаның бақылау шотына ақшаны есептемей-ақ, демеушілік көмекті алуды жоспарлаған.
Тексеріс нәтижелері бойынша Мамлют ауданы әкімінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді, қарау нәтижесі бойынша Мамлют қаласының әкімі және оның орынбасары сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу