«Мәңгілік ел – Заң керуені»

07 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Мәңгілік ел – Заң керуені» - 1765595220

«Мәңгілік ел – Заң керуені»
Ағымдағы жылдың 01 қарашасында Аққайың ауданында «Заң керуені» «Мәңгілік ел – «Караван Закона» кең көлемді акциясы өткізілді. Акция Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қатысумен, «Нұр Отан» партиясы филиалымен және облыстың кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылды.
Өткізілген акцияның мақсаты – заңдарды түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, прокуратураның құқық қорғау қызметін іске асыру.
Іс-шараны өткізу барысында қадағалау ведомствоның өкілдері сауда орындарына, ауданның елді мекендеріне және ауылдық округтеріне барды. Күні бойы аудандық Мәдениет үйінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетұлы Тайымбетовтың төрағалығымен штаб жұмыс жүргізді.
Азаматтардың түскен барлық өтініштеріне жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу