Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жедел қызмет бағыты бойынша 2019 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды.

15 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жедел қызмет бағыты бойынша 2019 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды. - 80952691

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура және полиция органдары қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жедел қызмет бағыты бойынша 2019 жылдың жұмыс қорытындысын шығарды. Облыс прокуратурасының бастамасы бойынша қылмыстық процестің барлық сатысында заңдылықты және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасы және қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу және оларды ашу бойынша жүргізілген профилактикалық шаралардың тиімділігі сұрақтары талқыланды. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін қарауға ерекше назар аударылды. Облыс прокуратурасында және аудандарда қылмыстық істерді зерттегенде туындайтын сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау бойынша полиция, экономикалық тергеу департаменттерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды. Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс прокурорының м.а. Біржан Мажренов Солтүстік Қазақстан облысының полициясына заңдылықты, өңірдегі құқықтық тәртіпті және тұрақтылықты, жазадан бұлтартпау принципін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды ұсынды. Сонымен бірге, прокурорлар Қылмыстық-атқару жүйелері департаментінде өткен қорытынды мәжілістің жұмысына қатысты, онда қылмыс рецидивінің проблемалық сұрақтары, тыйым салынған заттарды өткізу, қасақана құқық бұзушылықтар, мүше жарақатын келтіру, сотталғандарды жұмысқа орналастыру талқыланды. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жедел қызмет бағыты бойынша 2019 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды. - 1974118742
Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жедел қызмет бағыты бойынша 2019 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды. - 1916320751
Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жедел қызмет бағыты бойынша 2019 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды. - 699459696
Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жедел қызмет бағыты бойынша 2019 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды. - 1546566670