Консультативтік кеңес отырысы өтті

02 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Консультативтік кеңес отырысы өтті  - 1708278839

А.ж. маусымның 29-да облыс прокуратурасында мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалтуға арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің мақсатты индикаторына жету бойынша Консультативтік кеңестің отырысы өткізілді. Жергілікті атқарушы органдар мен құзіретті органдардың өкілдері соңғы 2,5 жылға жасалған сараптама қорытындысын қарастырды. Солтүстік Қазақстан облысында 2018 жылдың 1 қаңтарында мүгедектер саны 27 410 адамды құрайды. Жасалған мониторингке сәйкес негізгі бағыттар бойынша мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету бойынша мақсатты индикаторлар сақталмай келген. Аталған категориядағы тұлғалардың дене дамуына сәйкес келмейтін кресло-арбалар берілгендігі анықталды. Онадай фактілер Петропавл қаласы мен барлық аудандар бойынша кездеседі. Мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен толық қамтамасыз ету бөлігінде, техникалық құралдарды уақытында ауыстырмау фактілері де орын алған. Қамту органдары мүгедектерді жұмысқа орналастыруға қатысты нақты мәліметтер бермейді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау саласында барлығы 38 бұзушылық анықталды, 29 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жалпы 2 427 адамның конституциялық құқығы қорғалды. Кеңестің жұмыс қорытындысы бойынша жергілікті және атқарушы органдар үшін мүгедектердің құқықтарын әлеуметтік қорғауға бағытталған жұмыс тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар дайындалды. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы

Консультативтік кеңес отырысы өтті  - 16874098
Консультативтік кеңес отырысы өтті  - 1530232757

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу