Кәмелетке толмағандардың профилактикасы іс жүзінде

22 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

  

    

       

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық прокуратурасымен «Прокурор түсіндіреді» акциясы шеңберінде кәмелетке толмағандар арасында  құқық бұзушылық профилактикасы мақсатында өкілетті органдармен бірлесе отыра  ауданның  жалпы білім мекемелерінде тұрақты негізде  түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Сонымен, 16.02.2016 жылы  аудандық прокуратура  қызметкерлерімен «Петровка аграрлық-техникалық колледжі» ҚММ-де және «Есіл ауылшаруашылық колледжі»  ҚМКК-де  «Кәмелетке толмағандар арасында  қылмыс профилактикасы» және «Біз өзіміздің әрекетіміз үшін жауаптымыз» тақырыптарына  дәріс оқылды және әңгіме өткізілді.

Одан басқа, 17.02.2016 жылы  аудандық прокуратура  ішкі істер қызметкерлерімен бірлесе отыра Петровка колледжінің оқушыларын  СҚО бойынша  ҚАЖД  «ЕС-164/4» мекемесіне  шығуды ұйымдастырды,  онда олар   сотталғандарды  ұстаудың материалдық-техникалық жағдайымен танысты.

Кәмелетке толмағандар арасында  құқық бұзушылық профилактикасы бойынша  жұмыс   жалғасын таппақ.  

     

 

Солтүстік Қазақстан облысы  прокуратурасының баспасөз қызметі

  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу