Әкімшілік-тұтқындалған тұлға уақытша ұстау изоляторы камерасынан босатылды

20 ақпан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 05.02-де 22 сағ. 51 мин. М.Жұмабаев ауданы ІІБ № 11 әкімшілік-тұтқындалғандар камерасында Ресей Федерациясының азаматы А.Т.Карабалиев, 11.06.1967 ж.т., әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға ретінде қамауда болды. Осыған байланысты, ауданның ІІБ УҰИ әкімшілік-тұтқындалған камерасында аталған азаматты ұстау заңдылық фактісі бойынша М.Жұмабаев ауданы сотының қаулысы зерделенді. Сот қаулысын зерделеу нәтижесі бойынша 2014 жылдың 04.02-де 16 сағ. 30 мин. РФ азаматы А.Т.Карабалиев шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу, яғни, көші-қон карточкасында 2014 жылдың 21 қаңтарында, белгіленген мерзімде шықпау салдарынан ережені бұзған. 2014 жылдың 04.02-де ауданның ІІБ КҚПТ кіші инспекторы аталған факті бойынша А.Т.Карабалиевке қатысты ҚР ӘҚБтК 394б. 3т. қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Аудандық соттың 2014 жылдың 05.02-дегі қаулысымен РФ азаматы А.Т.Карабалиев 1 тәулік мерзіміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жаза мерзімі 2014 жылдың 5 ақпаны 15 сағ. 45 мин. бастап есептеледі. Ал соңғысын тұтқындау 2014 жылдың 04.02-і 15 сағ. 40 мин. 2014 жылдың 05.02-і 10 сағ. дейін есептелген, бұл мерзім тұтқындау мерзіміне есептелген. Ал ауданның ІІБ қызметтік орнында (камерада) ұстау мерзімі 2014 жылдың 05.02-і 21 сағ. 25 мин. дейін болған. Бірақ, 2014 жылдың 05.02-де М.Жұмабаев ауданы ІІБ УҰИ қызметтік орны (камераны) тексеру кезінде РФ азаматы А.Т.Карабалиев 2014 жылдың 05.02-і 21 сағ. 25 мин. 22 сағ. 51 мин. дейін заңсыз ұсталып отырған. «Ішкі істер органдары арнайы қабылдағыштарының ішкі тәртібінің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2012 жылдың 9 қаңтардағы № 11 бұйрығының 49 т. талаптарына сәйкес, әкімшілік тұтқындауға тартылған тұлғалар судьяның қаулысымен бекітілген әкімшілік тұтқындау мерзімі аяқталғанда арнайы қабылдағыштан босатылады. Осыған байланысты көрсетілген бұйрықтың талаптарын бұзу Мағжан Жұмабаев ауданы ІІБ УҰИ қызметтік орнынан (камерадан) заңсыз ұсталып отырған тұлғаны босату туралы қаулы шығаруға негіз болды. А.Т.Карабалиевті М.Жұмабаев ауданы ІІБ УҰИ камерасынан босату туралы 2014 жылдың 05.02-дегі қаулысымен заңсыз ұсталған тұлға ретінде босатылды. Аталған бұзушылық үшін аудан прокуратурасымен УҰИ басшысына және ауданның ІІБ кезекшісіне қатысты тәртіптік өндіріс қозғалды, оны қарау нәтижесі бойынша екі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу