Әкімдіктің қызметкерлері 17 пәтерді заңсыз иеленген

29 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Петропавл қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары Ұлттық қордан қаражатты ұрлау жолы арқылы 17 мемлекеттік пәтерді заңсыз иеленген. Бұл туралы ақша қаражатын мақсатты пайдалануды бастамашылық прокурорлық тексеріс қорытындысы бойынша белгілі болған.
Тұрғындардан алдын-ала бұзуға жататын жылжымайтын мүлкімен бірге жер учаскелері сатып алынған. Одан кейін сезіктілер оларды аффилиирленген тұлғаларға рәсімдеген және артынан үйді меншік иелеріне әдейі үлеске бөлу (меншікке) арқылы меншік иелерінің санын жасанды түрде көбейткен.
Ақырында алынған бір тұрғын үйдің орнына мемлекеттік тұрғын үй қорынан екіден бастап үш пәтерге дейін алған.
Мемлекетке келтірілген шығын 213 млн. теңгеден астам соманы құраған.
Аталған факті ҚР 190.3б.2т. бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген (алаяқтық, адамдар тобымен, аса ірі көлемде, қызметтік жағдайын пайдалана отыра).
Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы Б.Өмірсейітоваға, облыстың аудандарының бірінің көші-қоны полициясының бастығы М.Сағдиге, заңгер Ж.Есетоваға және К. Өмірсейітовке қатысты мүлкін тәркілеумен 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыруға үкім шығарылған.
Келтірілген барлық шығын сотталғандардан бірлескен тәртіпте өндіріліп алынды.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу