Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды

18 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»    мақаласы талқыланды - 2098689289

Петропавл қаласында Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының мемлекеттік тілді дамыту бойынша «Қазақ тілі – баршаға» пікірталас клубының кезекті отырысы өтті. Оның барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе ұйымдастырылды.
Клуб отырысына өңірдің құқық қорғау органдарының басшылары, академиктер, ғылым докторлары, профессорлар қатысты. Шараға Гүлжан Қарақұлова, Қазбек Қазкенов, Айгүл Садвокасова және басқа да қоғам қайраткерлері келді.
Клуб алаңында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асырудағы маңызды қадамдар тілге тиек етілді.
Баяндамашылар мен сөз алғандар бағдарламаның мазмұнына қатысты өз ойларын білдірді, барша қазақстандықтардың ұлттық санасы мен патриотизмді нығайту қажеттілігін айтты, сонымен қатар аталған қадамдарды жүзеге асыру маңыздылығына тоқталды.
Мемлекет басшысы анықтаған бағыттарды жүзеге асыру мақсатында және Бас Прокурордың тапсырмасын орындау үшін, құқық қорғау органдарының Академиясында «Қазақ тілі – баршаға» пікірталас клубы жұмыс істейді. Клубтың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау мен беделін арттыру, сондай-ақ оның қолдану аясын кеңейту.
Мұндай алаңдарда актуалды әрі түйткілді мәселелерді талқылау шараларын өткізу, қатысушыларға, ең алдымен құқық қорғау органдарының өкілдеріне болашақта бұл бағытта мемлекеттің саясатын еркін білдіруге және жүргізуге мүмкіндік береді.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу