Бос лауазымдарға конкурс жарияланады

30 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бос лауазымдарға конкурс жарияланады

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі,15, индекс 150000 (анықтама үшін телефон 8(7152) 46-14-87, эл. 7152382@prokuror.kz) бос лауазымға конкурс жариялайды:

1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бірлік);
2. Мағжан Жумабаев ауданы прокуратурасының прокуроры (негізгі қызметкердің бала күту демалысы уақытына), C-RGP-5 (1 бірлік);
3. Уалихан аудандық прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бірлік);

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары заң білімі бар; денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.
Еңбекақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызметтегі өтіліне байланысты 76 274 теңгеден 103 174 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: қылмыстық қудалауды жүзеге асыру; қоғамның мүдделерін қорғау; үкімдердің орындалуын қадағалау. Негізгі міндеттерімен қоса, прокуратураның барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын міндеттерді орындайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесінің (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде 2014 жылғы 4 шілдеде № 9561 болып тіркелген) негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін аталған Ережеде көрсетілген құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 15 мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Ереженің 2 қосымшасына сәйкес өтініш;
2) Ереженің 3 қосымшасына сәйкес сауалнама;
3) белгілі нысанға сәйкес (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
4) Ереженің 5 қосымшасына сәйкес жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, белгілі нысанаға сәйкес қолмен толтырылған немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;
5) Қазақстан Республикасы жеке басының азаматтығын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
9) 3х4 үлгідегі (2 дана) фотосурет;
10) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;
11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;
12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;
13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;
14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының кадрларды
дамыту тобы

28.11.2018 ж.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу