БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

10 ақпан 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Степан Зайтлердің төрағалығымен облыс прокуратурасының 2014 жылғы жұмыс қорытындылары және алдағы кезеңге міндеттерді анықтау туралы кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Алқа отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Меркель И.Д., Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Сұлтанов Е.Х., облыс прокуратурасы жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, аудан, қала, мамандандырылған прокурорлар қатысты. Облыс прокуроры өткен жылда өңірдегі заңдылықты нығайтуда, Елбасының және Бас Прокурордың қойған міндеттерін жүзеге асыруда, қылмыспен күресті қамтамасыз етуде үйлестіру рөлін арттыруда, мемлекет пен кәсіпкерлердің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, мемлекеттік бюджетті толтыруда, сыбайлас жемқорлыққа және экстремизм белгілеріне қарсы күресте бірқатар шаралардың қабылданғандығын атап өтті. Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау саласында өңірдің көкейтесті мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2014 жылы әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша 773 (1.313) тексеріс жүргізілді, 19.615 (21.139) заң бұзушылық анықталды, 885 (974) ұсыныс қаралды, 610 (533) наразылық қанағаттандырылды. Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша мемлекеттік органдардың 371 (310) заңсыз актісі бұзылды және өзгертілді, оның ішінде 2 (1)- нормативтік құқықтық сипатта, прокурорлардың 55 (114) нұсқауы орындалды, мемлекеттік бюджетке 422 млн. (413 млн.) теңге түсті. Жіберген бұзушылықтары үшін 1.183 (1.222) тұлға тәртіптік жауапкершілікке, әкімшілік жауапкершілікке-1.105 (1.450) тұлға тартылды, 14 (28) қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 6 қылмыстық іс сыбайлас жемқорлыққа байланысты ( 4 бойынша тұлғалар сотталды) қозғалған. 2014 жылғы қыркүйектің 15-дегі соттың үкімімен Тайынша агробизнес колледжінің бұрынғы директоры Н.Х. Нұрғалиев ҚР ҚК-нің 176 бабы 3 тармағы «г» тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Сот сатысына дейінгі қылмыстық процесс заңдылығын қадағалау саласында заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайту бойынша әрекет шаралары қабылданды. Облыстағы криминогендік жағдай тіркелген қылмыстардың 0,5 пайызға (2013 жылы 9669-тан 2014 жылы 9715-ке дейін өскен). Аса ауыр қылмыстар саны 5,2 пайызға, бұзақылық 11,9 пайызға, қорқытып алушылық 4,9 пайызға және бөтен мүлікті ұрлау 2,5 пайызға өскен. Алай да, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 13,2 пайызға, көшедегі 23,4 пайызға, кәмелетке толмағандармен 23,1 пайызға, мас күйіндегі 7,8 пайызға және адамдар тобымен жасалған қылмыстар қылмыстар саны 20,8 пайызға төмендеген. Қамауға алу бұлтартпау шарасына балама шара кепіл белсенді түрде қолдануда. Таңдалған бұлтартпау шараларының жалпы санынан 14 пайызды құрайды. Сонымен бірге азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту тенденциясының төмендегендігі байқалды (2012ж.-27, 2013ж.-14, 2014ж.-10). Айыптау үкімдерінің қаулысымен бірқатар актуальды және қоғамда жаңғыру тудырған істерді тергеу аяқталды. Сондай-ақ, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары М. Ахметовты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс өндіріспен аяқталды. Тергеу қорытындысы бойынша аталған қылмысты жасаған тұлғалар анықталып, соттың үкімімен қамауға ұзақ мерзімге сотталды. Облыстың арнайы прокурорларымен 16 қылмыстық іс тергелді (2013 жылмен салыстырғанда 31 пайызға артық). Прокурорлық тергеу барысында қинау және басқа да заңсыз әдістер бойынша 7 іс тергелді. Оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеу басымды категорияда болды, өндірісте 7 істі құрады. Өткен жылы арнайы прокурорлармен аяқталған істер бойынша 3 айыптау үкімі шығарылды. Қызылжар аудандық сотының 2014 жылғы қарашаның 19-дағы үкімімен аталған ауданның ішкі істер бөлімінің жол полициясы қызметкерлері Булкаиров пен Мұқанов 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды және 926 мың теңге айыппұл төлеуге тартылды. Олар бірнеше рет заңсыз материалдық ақы алған және сәйкес емтихан тапсырмаған, оқымаған тұлғаларға жүргізуші куәлігін бергенде және рәсімдегенде өкілеттіктерін қасақана пайдаланған. 2014 жылғы желтоқсанның 04-де қалалық сотпен өзінің өкілеттігін асыра пайдаланған, қарамағындағы қызметкерлерді алдында есептелген ақшадай сыйақыдан бөліп беруге мәжбүрлеген Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті госпиталінің бастығы А. Петров, бас бостандығынан айыруға шартты түрде 5 жылға сотталды. Арнайы прокурорлармен мемлекетке келтірілген шығынды орнына қайтаруға ерекше назар аударылуда. Келтірілген 667.500 теңгенің 575.500 теңгесі қайтарылды. Есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысқан Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің бұрынғы жедел өкілі Мұрталимовке және басқаларға қатысты 2014 жылы заңды күшіне енген үкім бойынша мемлекет пайдасына арнайы прокурорлармен тыйым салынған 12 млн. теңге артығымен, 34 мың доллар және 950 грамм алтын бұйымдары айналымға өндірілді. Соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету саласы бойынша: 1. азаматтық істер бойынша «Бітімгершілік-Примерение» жобасын жүзеге асыру бойынша қабылданған шаралар шеңберінде соттармен бекітілген медиацияны қолдану бойынша істер саны 153-тен 1.050 дейін өсті (10 дөңгелек үстөл, құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесі, 8 баннер және 6 билборд орналастырылды). Азаматтық сот ісін жүргізу саласында наразылықтар бойынша сомасы 1 млрд. теңгеден астам бюджетті жоғалтудың алды алынды, бастамашылық жасалған талап арыздар бойынша сомасы 550 млн. теңгеден астам салықты жоғалтуға жол берілмеді. Әкімшілік қадағалау бойынша 2,5 млн. теңгеге мемлекет пайдасына 14 наразылық қанағаттандырылды. Мемлекеттік мекемелердің өкілдерінің қатысуымен соттарда мемлекетің мүддесіне өкілдік ету сұрағы бойынша кеңес өтті. Азаматтық істерді қарағанда заң бұзушылық бойынша прокурорлардың қолдаухаты бойынша 50 жеке шығарылды, әкімшілік істер бойынша-91, олар бойынша 67 тұлға тартылды, процестен тыс 17 тексеріс жүргізілді, 5 қылмыстық іс қозғалды. Прокурорлық 53 қадағалау актісі бойынша әкімшілік істер бойынша кемшіліктер жіберген 66 тұлға жазаға тартылды. Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу 31 пайызды құраған. Атқарушылық өндіріс және ішкі істер органдарымен бірігіп жүргізілген шаралар барысында 86 автомашина ұсталды және айыптұрақтарына орналастырылды, айыппұлдарды төлемегені үшін 5 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 30 млн. теңгеден астам сома өндіріп алынды. Еңбек ақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша борыш 2 есеге қысқарды. Төленген 396 млн. теңгенің 167 млн.-ы прокурорлардың күш салғандығы арқасында. 2. қылмыстық істер бойынша «түрме халқын азайту бойынша 10 шара» Тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде соттармен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның балама шараларын соттармен қолдану артты. Прокурорлардың наразылығы бойынша 42 сот актісі қайтадан қаралды, бұл 29 сотталғанның жағдайын жақсартты. 26 шенеулікке қатысты 22 сыбайлас жемқорлық істер бойынша айыптау қолдау тапты. Облыстың бір ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Бекенов жедел өкіл Мұхамеджановпен бірлесе отыра шекара бекеті арқылы автомашиналардың кедергісіз өтуіне ықпал жасап, сол үшін тұлғалардан 500 АҚШ доллары сомасында ақша алған. 2014 жылғы қазанның 13-дегі сот үкімімен Бекенов пен Мұхамеджанов сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін, яғни лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдаланғандықтары және ірі көлемде пара бергендіктері үшін әрқайсысы 8 жылға бас бостандықтарынан айыруға сотталды. Облыстың қаржы полициясы департаменті бастығының бірінші орынбасары Ахметовты өлтіру туралы іс бойынша айыптау сапалы қолдау тапты. 2014 жылғы қазанның 17-де соттың үкімімен Джамалдиев және Ковалев кінәлілер деп танылып, ұзақ мерзімге (24 және 22) бас бостандықтарынан айыруға сотталды, қылмыс қаруын сатқан Хукиев 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Прокуратура органдарымен қабылданған шаралар арқасында мемлекет пайдасына 210 млн. теңгеден астам қайтарылған, сомасы 181 млн. артық теңгеге (15.689.569 теңге) 22 талап арыз қанағаттандырылған. Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу