баспасөз ақпараты

13 қаңтар 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау прокурорлық қадағалаудың басымды бағыты болып саналады. Уәлиханов аудандық прокуратурасымен өткен жылда заңды тұлғадан түскен 34 шағым қаралып, толықтай жауап берілді. Аудан прокуратурасымен мүдделі органдармен бірлесіп ашық қабылдау күнін, дөңгелек стол басында талқылаулар өткізіліп, онда кәсіпкерлерді қызықтыратын сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының жанында, кәсіпкерлердің құқығын қорғауға құрылған мобилдік топ жұмысы туралы «Бизнес тірегі – Опора бизнеса» атпен ақпаратты тақтайша (билборд) орналастырылды. Көрсетілген сайтқа Уәлиханов ауданының екі жеке кәсіпкерінен өтініш түсті. Аудан прокуратурасымен бірінші өтініш бойынша бақылау органдарының тексеру жұмыстарын жүргізу туралы хабарламаның заңды екендігі туралы түсіндірме берілді. Екінші өтініш бойынша Уәлиханов ауданы салық басқармасында тексеру жұмыстарын өткізді. Тексеріс барысында Салық Кодексі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бақылау және қадағалау заңының көптеген талаптары бұзылғандығы анықталды. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерге «З.Ж.Қойбағарова» қатысты тематикалық тексеріс өткізу жөніндегі нұсқаулықта тексеру сұрақтары дұрыс көрсетілмегендігі анықталды яғни: тексеру өткізетін тұлғаның аты-жөні; нұсқаулықпен жеке кәсіпкердің орнына дүкен сатушысы заңсыз таныстыру және тексеру жұмыстары жеке кәсіпкердің қатысуынсыз өткізілгендігі анықталды. Прокурорлық ықпал ету актісі бойынша тексеру заңсыз болып танылып, айыпты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылуы мүмкін болған кәсіпкердің құқығы қорғалды. Осы бағытында жұмыс одан әрі жалғастырылуда. 

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу