Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау сұрақтары облыс прокурорларының бақылауында

04 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау сұрақтары облыс прокурорларының бақылауында - 2134683004

2020 жылдың 04 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. И. Ақсақаловтың, уәкілетті, жергілікті атқарушы органдар мен өңірдің бизнес қоғамдастығының өкілдерінің қатысуымен 2019 жылдың 12 айында еңбек заңнамасы саласындағы заңдылықтың жай-күйі мәселесі бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.
Облыс әкімдігімен бірлесіп жүргізілген талдау нәтижелері уәкілетті, жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі проблемалық мәселелер, сондай-ақ азаматтардың құқықтарына қысым жасауға әкеп соғатын қолданыстағы заңнамадағы нормативтік коллизиялар, олқылықтар туралы көрсетті.
Талдаумен сондай-ақ жұмыс берушілердің жалақы бойынша берешектерін, еңбек жарақаттарын жасыру, ішкі істер органдары мен мемлекеттік еңбек инспекциясының өндірістік жарақаттану мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимылының болмауы фактілері анықталды.
Алқа қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалып, жалақы бойынша берешекті төлеу бойынша жұмысты жандандыру туралы нақты тапсырмалар берілді.
Азаматтардың еңбек ақысын уақытылы төлеу мәселелері облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау сұрақтары облыс прокурорларының бақылауында - 588815712
Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау сұрақтары облыс прокурорларының бақылауында - 895560643