Алқа жұмысы туралы баспасөз ақпараты

26 тамыз 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.ж. тамыздың 25-де Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Басқармасының ұсынысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алқа отырысында 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында электрондық ақпараттық есеп құжаттарды, сонымен бірге статистикалық есептерді толтырудың нақтылығы мен дәлдігін тексеру қорытындылары туралы сұрақ қарастырылды.
Алқа жұмысына СҚО бойынша ҚСжАЕКБ және прокуратура органдарының қызметкерлері қатысты.
Отырыста прокуратура органдарының жұмысындағы орын алған кемшіліктерге, оның ішінде электрондық ақпараттық есеп құжаттарды толтырудың уақтылығы, нақтылығы мен дәлдігіне назар аударылды.
Алқа мүшелері аталған саладағы бұзушылықтарға жүйелі түрде жол берген аудан прокурорларынан түсініктеме талап етті.
Алқа отырысында шақырылғандармен пікір алмасу орын алды, қорытындысы бойынша барлық аудан, қала, мамандандырылған прокурорларға аталған ескертулерді назарға ала отыра қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру, электрондық ақпараттық есеп құжаттарды автоматтандыру тәртібін ерекше бақылауға алу ұсынылды.

облыс прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу