300-ден астам жұмысшының еңбекақысы төленді

05 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Уәлиханов ауданының 300-ден астам жұмысшы еңбек ететін Агрофирма «Қызылту НАН» ЖШС-де, «Қызылту Астық» ЖШС-де прокуратура органдарының үйлестіруі арқасында мемлекеттік органдар (мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, аудандық полиция бөлімі) тарапынан кешенді шаралар қабылданып, 62 млн.теңге көлемінде жалақы бойынша берешек өтелді. Азаматтардың назарына, еңбекақыны кешіктіріп төлеу фактілері бірнеше рет болған жағдайда, ішкі істер органдарына жұмыс берушіні қылмыстық жауапкершілікке тарту және тапқан қаражатты қайтару үшін шағымдануға құқылы екендіктерін, жеткіземіз. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы