Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында баспасөз мәслихаты өтті

26 February 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында   баспасөз мәслихаты өтті - 357092308

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарымен 3 балабақшаны сеніп басқаруға беру заңдылығына жасалған талдау барысында келесі бұзушылықтар анықталды-ведомствоаралық жоба тобы құрылмаған; жасалған келісім-шарттарда өндірістік жанжал (дау) болуының мүмкіндігі қарастырылмаған; конкурс қорытындысы туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шықпаған; біліктілік талаптары бойынша нақты деректер ұсынылмаған (еңбек ресурстары).
Облыс әкімдігінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді, қарау қорытындысы бойынша мектеп жасына дейінгі мекемелерді сеніп басқаруға беру бойынша келісім-шарттар бұзылды, жауапты тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Консультативтік ілеспе үшін бөлінген ақша қаражатына қатысты сұрақ зерделеуде.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы