«Заң керуені» «Мәңгілік ел-«Караван Закона» кең көлемді

22 August 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

АНОНС

 

2019 жылдың 29 тамызында Петропавл қаласында «Заң керуені»  «Мәңгілік ел-«Караван Закона»  кең көлемді акциясы өтеді.

Акция Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен Солтүстік Қазақстан облысының, Петропавл қаласының әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясының филиалы, сонымен қатар облыстың Полиция департаменті мен СҚО Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен ұйымдастырылады.

«Заң Керуені» Акциясының мақсаты - заңнамаларды түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, прокуратураның құқықтық рөлін жүзеге асыру болып табылады.   

Шаралар аясында қадағалау ведомствосының өкілдері Петропавл қаласы әкімдігінің, білім және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің, пробация қызметінің өкілдерімен бірлесіп, ірі сауда үйлері мен қаланың аудандарында (орталық, 19 және 20 шағын аудандар, Колхоз базары, Тайга, Уют, Вокзал, Жұмыс кенті, Бензострой, Хромзауыты, Заречный к.) орналасқан Петропавл қаласының базарларында азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

Күні бойы облыс прокуроры Бағбан Таймбетовтың төрағалығымен Петропавл қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының филиалы басшылығының және облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелері басшыларының штабы әрекет ететін болады.

Кейін келіп түскен өтініштер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілетін болады.

         «Заң керуені» 2019 жылдың 29 тамызында сағат 9:00-де Петропавл қаласының Орталық алаңында басталады (Петропавл қаласы әкімдігінің ғимаратына қарсы).

                    

 

 

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

 

МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРЛЕРІ:

 

Сауда үйлері

1.     «СИТИ Молл» СҮ, Уәлиханов к.  56

2.     «Рахмет» СҮ, К.Сүтішев к., 58

3.     «Айсберг» СҮ,  Жамбыл к.,190а

4.     «АРС» СҮ, Интернациональная к.,100

5.     «Пирамида» СҮ, Батыр Баян к., 11

6.     «Сокол» СҮ, Н.Назарбаев к.,115

7.     «Океан» СҮ, Абай к.,77

8.     «Алем» СҮ, «Сәлем» базарының аумағы

9.     « Жасмин » СО, Н.Назарбаев к., 242Б

10.  Көлікхқко   - Береке ауданы

11.   № 12 мектеп– Хромзауыты

12.  № 13мектеп –  Заречный кенті

13.  № 44 мектеп – Жұмыс кенті

Базарлар

1. Коммунальный базары, Н.Назарбаев к., 69

2. Алтын Арман базары (ет бөлімі), Интернациональная к., 67

Comments

Add new comment